1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы
В МОБИЛЬНОМ ПРИЛОЖЕНИИ KASPI.KZ УЛУЧШЕН СЕРВИС ПРОВЕРКИ СТАТУСА В СИСТЕМЕ ОСМС
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында екінші деңгейдегі банктермен жұмысын жалғастыруда. Қор мен «Kaspi Bank» АҚ-ның бірлескен жұмысының нәтижесінде енді Kaspi.kz пайдаланушылары сақтандыру мәртебесін тексеру кезінде өткізіп алған барлық жарналарды бір төлеммен төлей алады. Қызмет ағымдағы айдан бастап төлеу қажет кезеңдерді автоматты түрде анықтап, қалыптастырады.

Бұған дейін дербес төлеушілер 12 айға алдын ала жарна төлеген кезде әр айдың деректерін бөлек енгізуге мәжбүр еді. Соның салдарынан кезеңдерді көрсету кезінде қателіктер жиі орын алды. Енді мұны бір төлеммен жүзеге асыруға болады.

Бұл шешім пайдаланушыларға МӘМС жүйесі аясында медициналық көмекке қол жеткізу үшін жарналарды жылдам әрі дұрыс төлеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, қызмет төлеушінің типін автоматты түрде анықтап, дербес төлеушілер мен жеке кәсіпкерлер үшін жарна мөлшерін дұрыс есептейді.

Kaspi.kz қосымшасында мәртебені тексеру және жарналарды төлеу қызметі келесі бөлімде қолжетімді: Төлемдер → Айыппұлдар мен салықтар → Сақтандыру мәртебесін тексеру.
26.03.2026
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ПРОЗРАЧНОСТЬ, КОНТРОЛЬ, ЭФФЕКТИВНОСТЬ: ЧТО МЕНЯЕТ  ПЛАТФОРМА QALQAN В СИСТЕМЕ ОСМС
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ЕЖЕГОДНЫЙ ВНУТРЕННИЙ АНАЛИЗ КОРРУПЦИОННЫХ РИСКОВ ПРОВЕДУТ В ФОНДЕ
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
НЕСВОЕВРЕМЕННЫЕ ПЛАТЕЖИ В ОСМС: ПОЧЕМУ ВАЖНО СОБЛЮДАТЬ СРОКИ
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу